Емханамыз референдумға толығымен дайын

Емханамыз референдумға толығымен дайын
almaty-akshamy.kz

Барлық науқастар дауыс беруге оңай қол жеткізе алады

Алатау ауданына қарасты №25 емхана 5 маусым күні болатын референдумға толық дайын екендерін айтады. Сенбі күні емхана бөлмелері тазартылып, кіреберісте дауыс беру жәшіктері қойылады. Емхананың әрбір бөлмесінде референдум туралы бейнеролик көрсетіліп тұр. Бұл емханаға келушілер мен ем алып жатқан науқастарды хабардар ету мақсатында қойылған.

Ем алушыларға референдумға байланысты қысқаша сабақтар жүргіземіз. Қазіргі таңда емханамыз референдумға толығымен дайын, барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Үйінде ауырып немесе емханаға емделіп жатқандарға дауыс беру жәшігін өзіміз алып барамыз. Барлық науқастар дауыс беруге оңай қол жеткізе алады, – дейді кезекші дәрігер Галина Оразова.

№24 сайлау учаскесіне 2880 адам тіркелген. 23 адамға белгілі бір себептермен үйіне сайлау жәшігін апару тапсырылған.