Емханалар жұмысының жүктемесі артады

Емханалар жұмысының жүктемесі артады
Сурет: Уandex.kz

Бұл жаңа шағынаудандардың көптеп салынуына, сондай-ақ Алматы облысынан жаңа елді мекендердің қосылуы нәтижесінде аудан көлемінің жылдам ұлғаюына байланысты.

Биыл "Қарасу" шағынауданында амбулатория салу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2023 жылға "Алғабас" шағынауданының тұрғындарына және Теректі тұрғындарының бір бөлігіне, яғни 19 000 тұрғынға қызмет көрсететін Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысын бастау жоспарланған.

«Алатау және Наурызбай аудандарында күтілетін халық санының өсіміне байланысты, биылғы жылдың соңына дейін әкімдік құрылыс салынатын жерді анықтаймыз және жерді сатып алу мәселесін қарастырамыз. 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді. Бұл ауруханада перзентхана, диагностикалық және оңалту орталықтары болады», - деді Ерболат Досаев.