Елімізге Рfizer вакцинасының 4 миллион дозасы жеткізілмек

Елімізге Рfizer вакцинасының 4 миллион дозасы жеткізілмек
Сурет: Lenta.ru

ҚР Денсаулық сақтау министрі елімізге Рfizer вакцинасының қашан жеткізілетінін айтты

Елііміздің денсаулық сақтау министрі шетелден жеткізілетін коронавирусқа қарсы вакцинаның дозасы мен болжамды уақытын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бұл туралы ақпарат Coronavirus2020.kz сайтында жарияланды. 

«Рfizer бойынша ақтық келісімшартқа қол қойдық. Рfizer компаниясында келісімнің бірнеше процесі бар. Ақтық келісімшарт бойынша төртінші тоқсанда шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр», - деді министр.

Министр препараттардың қалай сақталатыны жөнінде де айтып өтті. Қазақстанның әр өңірінде тоңазыту жүйесі болады. Ол қажетті -80 градустық режимге сай болуы керек.

«Вакциналау пункттері құрылады. Принципі ұқсас, тек сақтау температурасының режимі ғана өзгеше. Сондықтан өңірлердің бәрінде қосымша қондырғылар орнатылады», - деді Алексей Цой.