Еліміздің табысы ең төмен қай өңірлер?

Еліміздің табысы ең төмен қай өңірлер?
Сурет: Liter.kz

Табысы ең төмен өңірлер - Түркістан облысы және Шымкент қаласы


Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2020 жылы ел тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысы артып, 116 мың теңгеден сәл асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына орта есеппен 116 126 теңгені құрады және атаулы мәнде 2019 жылмен салыстырғанда 11,4% өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 6,8% өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 4,3% жоғарылады.

2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша ең жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артты», - делінген ведомство хабарламасында.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы белгіленді. Бұл өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 55-65%-ын құрады.

Өткен жылы өңірлер бойынша халықтың жан басына шаққандағы табысының ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылық 3,4 есені құрады (2019 жылы – 4 есе).