Еліміздің ірі қалалары әлі де қызыл аймақта

Еліміздің ірі қалалары  әлі де қызыл аймақта
Сурет: 24.kz

Қазақстанның төрт облысы "сары", біреуі "жасыл" аймақта орналасқан

2021 жылғы 8 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметіне сәйкес:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары

 «Сары» аймақта : Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары

 «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.