Еліміздің төрт облысы әлі қауіпті аймақта тұр

Еліміздің төрт облысы әлі қауіпті аймақта тұр
Сурет: 24.kz

Дегенмен, кей өңірде эпидахуал тұрақталып келеді.

2021 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.