Еліміздің солтүстік өңірлерінде құс тұмауы жабайы құстардан тараған

Еліміздің солтүстік өңірлерінде құс тұмауы жабайы құстардан тараған Сурет: Stan.kz

Үйдегі тауық және қаз-үйректерге құс тұмауы жабайы құстардан жұққан


Мұндай қорытындыны Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басшылары келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында құс тұмауының ошағы анықталып, 230 қаз-үйрек пен тауықтың өлексесі өртелді. Қыркүйек айында Павлодардың Лебяжье ауылында да осы ауру тіркеліп, мыңнан астам қанатты қырылған.


Жалпы, осы өңірдегі құс өсірушілер өткен жылы да шығынға батты. Сондықтан биыл құс тұмауына қарсы вакцина 5 есе көп салынуда. Қазір эпизоотиялық жағдай тұрақты дейді, мамандар. Дегенмен ел аумағында құстардың қауіпті инфекциясы әлі де бар.



«Ауру жабайы құстардан келіп отыр. Солтүстіқ Қазақстан, Ақмола облысында пайда болған ошақтар жаңадан туған және басқа жақтан әкелген құстардан шығып отыр. Олар вакциналаудан өтпеген. Шыққан ошақтардың айналасын 20 шақырым вакцинация жасаймыз және жабайы құстардың ұшуын байқап отырып, Қазақстан аумағында қауіпті жерлерді вакцинациялаймыз», - дейді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02