Еліміздің көп бөлігінде күн суытады деп ескертілді

Еліміздің көп бөлігінде күн суытады деп ескертілді
Сурет: интернеттен

Қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады.

Қазақстанның 13 өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

25 қарашада Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жел екпіні секундына 15-20, 23 метр болады деп болжанған.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын жүреді. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. 26-27 қарашада облыстың солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 25 қарашада, тәулік бойы 26-27 қарашада екпіні 23-28 м/с жел соғады деген болжам бар.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, облыстың шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болады. Түнде таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, таулы аудандарда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

«Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ болады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқкиім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!», - делінген хабарламада.