Еліміздің кей өңірлерінде 43 градус ыстық болады

Еліміздің кей өңірлерінде 43 градус ыстық болады
kazinform.kz

26 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Күндіз 26 шілдеде Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық, кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысында солтүстіктен жел соғады, кей жерінде жылдамдығы 15-20 м/с болатын күшті жел күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай ойнап, 35 градус қатты ыстық күтіледі. 

Ақтөбе облысының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с болатын қатты жел күтіледі. 

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болатын шаңды дауыл күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.  

Павлодар облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с болады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с болады. 

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40-43 градус қатты ыстық болжануда. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы қаласында 26 шілдеде күндіз 35-37 градус ыстық болады