Еліміздің кей аймағында ауа райына ескерту жарияланды

Еліміздің кей аймағында ауа райына ескерту жарияланды
Сурет: Gov.kz

Ауа райын болжаушылар тұман түсіп, бұрқасын соғады деп отыр.

"Қазгидромет" 29 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақмола, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында да 29 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.