Еліміздің елігін атқан ресейлік сотталды

Еліміздің елігін атқан ресейлік сотталды
Сурет: Sotreport.kz

Ол мемлекетке 2 млн 83 мың теңге зиян келтіріпті.

Алматы облысында полицейлер елік атқан 39 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы айтқан 24.kz-тің мәліметіне сәйкес, Сібір елігін атып алған Ресей азаматы Іле ауданы Ынтымақ ауылының маңында қолға түскен.

Заңсыз аң аулаған күдіктіден елік пен аңшы мылтығы заттай айғақ ретінде тәркіленді. Сот оны қауіпсіздігі төмен абақтыда 1 жыл 6 ай мерзімге қамауға үкім шығарды.