Еліміздің Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды тұмауға қарсы екпе алуға шақыды

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды тұмауға қарсы екпе алуға шақыды
Сурет: Makcmed.ru

Тұмаудың алдын алу

Алексей Цой қазақстандықтарды вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Күз келіп, күн суыта бастағанда, иммунитеттің төмендейтінін білеміз. Бұл - қалыпты жағдай. Осы кезеңде салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану және көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек жеу өте маңызды. Сонымен қатар иммунитетті қорғау мен суықтан сақтаудың тағы бір жолы - уақытылы екпе алу. Қазір елімізде тұмауға қарсы жаппай вакцинация жүріп жатыр. Әсіресе, тұмауға қарсы екпе алуды осал топқа жататын азаматтар арасында кеңінен жүргізу маңызды болып отыр. Осы орайда еліміздің барлық азаматтарын тұмауға қарсы вакцина алуға шақырамын», - деді А. Цой Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін министр елімізде вакцина алу процесі қарқынды жүріп, эпиджағдайдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ведомство басшысы Қазақстанда коронавирус індетімен күресте қайта вакциналау мәселесі қаралып жатқанын айтты. Оның айтуынша, ревакцинация мәселесін қарау үшін құрамында ғалымдар мен сала мамандары бар арнайы жұмыс тобы құрылған.