Еліміздің Даму банкі жаңартылған даму стратегиясын жариялады

Еліміздің Даму банкі жаңартылған даму стратегиясын жариялады
Сурет: Кapital.kz

Жаңа белес.

Қазақстанның қосымша құны жоғары өнім өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспортқа шығарылатын отандық тауар түрлерін кеңейту, сондай-ақ экономиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жетілдіру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл – Қазақстанның Даму банкінің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Бұл жөнінде Қаржы институтының басқарушы директоры Рахымжан Сатаев мәлімдеді. Оның айтуынша, банк алдағы 9 жылда шикізаттық емес сектордағы өндірістерге бағытталған жобаларды қаржыландыруға басымдық бермек. Осылайша 2030 жылға қарай бұл бағыттағы өндірістердің үлесі 50% кем болмауы тиіс. Сондай-ақ алдағы 10 жылда инфроқұрылымдық және инвестициялық бастамалар үлкен демеуге ие болады.

«Жаңартылған даму стратегиясында банк пен бизнес арасында нарықтық қарым-қатынасты дамыту үшін жеке секторды экономиканы әртараптандырып, жаңғырту бағытына тартатын жобаларға басымдық берілетін болады. Біз индустриалдық-инновациялық даму және инфроқұрылымдық даму сынды мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы болып қаламыз. Бұған қоса стратегияны жаңартуға бағытталған жобаға тұрақты даму қағидаларын орындауға қатысты  мақсатты ендіруді жөн деп шештік», - деді ҚДБ басқарушы директоры Рахымжан Сатаев.