Еліміздің батысында тұман, көктайғақ болады

Еліміздің батысында тұман, көктайғақ болады
Сурет:Tengrinews

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

1 қаңтарда Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Күндіз өңірдің солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында да тұман, көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі.