Еліміздің Бас қаласында Qazaq Eli көрме жобаларының сериясы шымылдығын түрді

Еліміздің Бас қаласында Qazaq Eli көрме жобаларының сериясы шымылдығын түрді
Сурет: Мassaget.kz

Замануи қазақстандық арт-өнерінің және Ұлы даланың тарихи мотивтерінің тоғысуда

Елордада ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Qazaq Eli» көрме жобаларының сериясы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап

Көшпелі тұрмыс заттары, бірегей зергерлік бұйымдар мен фотокартиналардан тұратын экспозициялар Бейбітшілік және келісім сарайының үш бірдей қабатында орналасқан.

Ең төменгі қабатта «Tulpar» заманауи кескіндеме көрмесі орналасқан. Онда Қазақстан, Түркия және Молдова суретшілерінің жұмыстары  қойылған.

«Төменгі қабат ескіден хабар беруі тиіс болды. Сондықтан біз қазақ халқының киелі жануары, сенімді серігі жылқының бейнесін көрсетуге тырыстық. Жылқы малы өте әдемі, көрікті жануар. Оған сырттай түсіндірме жүргізудің керегі жоқ, бейнесінен-ақ түсінуге болады. Барлық жобамызда бірлікті көрсетіп, оның образын қалыптастырып келеміз. Сондықтан бұл жолы да бұған дейінгі жобалармен үйлесетін экспонаттар мен өнер туындыларын таңдап алдық. Көрме қаңтар айының соңына дейін жалғасады, бәлкім әрі қарай да созуымыз мүмкін», - деді көрме жобаларының кураторы, елорда галереясының жетекшісі Лейла Махат.