Еліміздің астанасында Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру рәсімі өтті

Еліміздің астанасында Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру рәсімі өтті
Сурет: Inform.kz

Көк туымыз көкке көтерілді

Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін елімізде мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Салтанатты мейрамға орай «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің аумағында Ту көтеру рәсімі өтті», - деп жазылған ҚР Президенті Телерадиокешенінің ресми аккаунтында.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауылы Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай Мемлекеттік Туды салтанатты жағдайда көтеру үшін этно-мемориалдық кешен алдында сап түзеді. Тутұғырдағы көк байрағымыз көкке көтерілгеннен кейін Әнұран шырқалды.