Еліміздегі Өзбек киносының күндері тәмамдалды

Еліміздегі Өзбек киносының күндері тәмамдалды
Сурет: Gov.kz

Қазақ еліндегі Өзбек киносының күндері аяқталды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Қазақстандағы Өзбек киносы күндерінің жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Іс-шара барысында үш күн бойы қазақстандық көрермендер назарына Өзбекстан киносының заманауи туындылары ұсынылды. Сонымен қатар өзбек фильмдері кинотеатрларда ғана емес, республикалық телеарналарда да көрсетілді.

Өзбек киносы күндері аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасында кинематография саласы бойынша қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу мақсатындағы екіжақты меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ екі жақты бірлескен киножобалар жоспарланды.

«Өзбеккино» агенттігі тапсырысы бойынша таспаланған режиссер Хилол Насимовтың «Мерос» көркем фильмі, Ш. Махмудовтың «Абай» деректі фильмі, Жахонгир Қасымовтың «Ибрат» сынды бірқатар көркем фильмдері көрсетілді.

Өзбек киносы күндерінің жабылу салтанатына Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев қатысып, екі елдің кинематографистеріне ынтымақтастық пен алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.