Еліміздегі қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жетті

Еліміздегі қазақтардың үлесі  70,18 пайызға жетті
Сурет: Massaget.kz

Қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам.

Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында Премьер-Министр Асқар Мамин баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үкімет басшысы биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндады.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша, қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы - әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.