Еліміздегі азық-түлік базарларының жаңа жұмыс кестесі белгіленді

Еліміздегі азық-түлік базарларының жаңа жұмыс кестесі белгіленді almaty-akshamy.kz

Атап айтқанда, елордада таңғы 8-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін ашық болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.


Шымкент қаласы мен Жамбыл облыстарында таңертеңгі 9-дан кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді.


Ал Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарының базарлары таңғы 9-дан 18:00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы сауда орындарының жұмысы 10-нан кешкі 18.00-ге дейін жалғасады.


Батыс Қазақстанда 10-да ашылып, кешкі 17.00-де жабылады. Тек Солтүстік Қазақстанда сауда-саттық орындарының жұмыс кестесі сағат 10-нан түскі 3-ке дейін белгіленген.


Алматы облысында 12:00-ден кешкі 5-ке дейін ашық болады. Жалпы, еліміз бойынша 100-ден астам азық-түлік базары жұмыс істейді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55