Еліміздегі анимацияның сапасын арттыру көзделуде

Еліміздегі  анимацияның сапасын арттыру көзделуде
Сурет: Тime.kz

Қазақстандық анимацияны жаңа белестер күтеді.

Отандық мултьтоптама жандануды қажет етеді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Заманауи үлгідегі анимациялық өнімдерге еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін қызығатыны анық. Алайда қазақстандықтардың көңілінен шығып, кеңінен танылған отандық туынды некен-саяқ. Қазақ ертегісінің желісімен анимациялық фильмдерді түсіріп, олардың танымалдылығын арттыруға не кедергі?  Қазақстандықтарды елең еткізген Ертөстік туралы тұңғыш толық метражды фильмнің шыққанына 10 жылға таяды. Алайда 3D форматта салынған батырдың бейнесі еш жерден көрінбей, көмескіленіп қалды. Ертөстіктің әйгілі Marvel кейіпкерлеріндей танымалдылыққа татитыны анық. Бірақ заманауи батыр феноменін тудыра алмады. 

Анимация саласының маманы, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бас продюсері Адай Әбелдиновтың пікірінше, толық метражды бір фильмге қарағанда, көп сериялы мультфильмдердің қаралымы жақсырақ.

«Олардың танымалдылығы, көптеп, санмен айтқанда, көптеп конвейермен шығарады. Көп шығарған кезде оның ауқымы да көп болады. Бізге қазіргі сатыда кейіпкердің танымалдылығын арттыру үшін, әрине, санын өсіру керек», - деді Адай Әбелдинов.