Елімізде ірі мұнай-газ-химия жобалары іске асырылады

Елімізде ірі мұнай-газ-химия жобалары іске асырылады
Сурет: Аnalitpribor-smolensk.ru

Мұнай-химия саласы өркендеп келеді

Қазақстанда жалпы құны 12 млрд доллардың мұнай-газ-химия жобалары жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәлірек айтсақ, елімізде полипропилен, метанол, полиэтилен, май және тағы да басқа ірі өндірістер іске қосылады. Қазір жобалар әзірлену үстінде.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Татарстан мұнай-газ-химиясы форумында сөйлеген сөзінде айтты. 

«Біз осы саладағы жобаларды табысты іске асыру үшін барлық қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін боламыз. Қазіргі уақытта Үкімет мұнай-газ-химия саласында арнайы инвестициялық келісім әзірлеуде, онда осы саланы дамытуға инвестицияларды ынталандыруға бағытталған ерекше преференциялар қамтылатын болады», - деді сала басшысы.