Елімізде жол құрылысына отандық нанобитум пайдаланылады

Елімізде жол құрылысына отандық нанобитум пайдаланылады
Сурет: Мoscow-airports.com

Отандық өнімнің маңызы жоғары

Жол құрылысына отандық нанобитум қолданылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com cайтына сілтеме жасап.

Жол құрылысына арналған қазақстандық нанотехнология сапасы жақсы. Отандық ғалымдар елімізде жаңадан төселетін битумның құрамына көмірдің ұнтақтарын қосуды ұсынып отыр.

«Бұл инновациялық әдіс жолдың физикалық қасиетін өзгертіп, сапасын арттырумен қатар оған жұмсалатын қаржыны үнемдейді», - дейді өнертабыс авторлары.

Себебі бірегей өнімнің қазақстандық үлесі – 100%. Оған қажет қиыршық тас, құм, минералды қоспалардың барлығы – жергілікті шикізат.

Олармен жаңадан бірігетін наноұнтақ та өзіміздің кен орындарынан шыққан қатты отыннан алынады. Ол үш сатылы технологиямен ұсақталады.                                  

«Бірінші механикалық диірменде ұнтақтадық, одан кейін аэродинамикалық әдіспен, үшінші сатыда электромагниттік өріс әдісімен ұнтақтадық. Сөйтіп ұнтақталып алған наноұнтақты битумға қостық. Осы жерде көлемді тәжірибе жүргіздік. Яғни 0,5% битумның салмағы бойынша 2% дейін қостық. 0,5% қосқанның өзінде жақсы нәтижеге жеттік. Ал 2% қосқан кезде нәтижеміз өте жоғары болды. Осылай тұңғыш рет Қазақстанда отандық нанобитум алдық», - деді «Қазжол ҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаев.