Елімізде жаңа кәсіби мереке пайда болады

Елімізде жаңа кәсіби мереке пайда болады
Сурет: Еgemen.kz

Үкіметке бұл кәсіби мерекені ресми түрде тіркеуге «Атамекен» ҰКП ұсыныс жасаған.

Қаулы бекітілгеннен кейін күнтізбеде 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлері күні деген жаңа кәсіби мереке пайда болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан кәсіпкерлері күні – шын мәнінде жүздеген мың қазақстандық үшін өзекті әрі маңызды күнге айналмақ. Ол біріктіруші фактор ретінде қызмет ететін болады. Соңғы екі жыл кәсіпкерлер үшін оңайға соқпады. Пандемия салдарынан олар жаппай қысқартуға, басқару түрін, бизнес форматын ауыстыруға немесе оңтайландыруға мәжбүр болды. Бүгінгі бизнесмендер – батырлар. Олардың еңбектері еленуі тиіс», — делінген ҰКП хабарламасында.

Кәсіпкерлер күні деген мереке АҚШ, Үндістан, Қытай, сонымен қатар Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан және Арменияда бар.