Елімізде вакцинаның I компонентін 8 029 779 адам салдырды

Елімізде вакцинаның I компонентін 8 029 779 адам салдырды
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы қаласында 978 172 адам вакцина алған 

2021 жылғы 18 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 029 779 адам салдырған.

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 7 128 454 адамды құрады.