Елімізде вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты

Елімізде вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
Cурет: Ашық дереккөз

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында

Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 25 қазандағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

25 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 168 114 адам салдырды, II компонентпен 7 329 137 адам егілді.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 986 974 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 926 752 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 962 838 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 863 661 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында - Шығыс Қазақстан облысы, мұнда 853 984 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 741 808 адам екінші бөлігін қабылдаған.