Елімізде пияз бен қырыққабат бағасы қымбаттады

Елімізде пияз бен қырыққабат бағасы қымбаттады
Сурет: East-fruit.com

Ұлттық статистика бюросы: Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Ақтөбе және Көкшетауда қымбатшылық байқалады

Қазақстанда пияз бен қырыққабат бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бір жыл ішінде сүт бағасы 9,5 пайызға өскен.

Қырыққабаттың ең арзаны Алматыда келісі 82 теңгеден сатылып жатыр. Таразда - 95, Талдықорғанда - 99 теңгеден бағаланған. Ал Ақтауда килограммы 183 теңгеден болып отыр. Атырау мен Жезқазғанда да баға өскен - келісі үшін 140 теңге.

Пияз бағасы да өскен. Жезқазғанда келісі - 129 теңгеден, Атырауда - 126, Ақтауда - 125, Таразда 91 теңгеден сатылып жатыр.

Аталған өнім түрлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жатады. Жыл басынан бері олар 9,7 пайызға қымбаттаған.