Елімізде автокөлікті онлайн форматта тіркеу немесе қайта тіркеуден өткізетіндер саны көбейіп келеді

Елімізде автокөлікті онлайн форматта тіркеу немесе қайта тіркеуден өткізетіндер саны көбейіп келеді
Сурет: Qorda.kz

«Цифрлық құжаттар» сервисін 5 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады

Жыл басында бұл көрсеткіш 5 пайыз болса, күзде 36 пайызға жеткен. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Almaty-alshamy.kz

Жалпы, қазір Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді тек eGov порталында және халыққа қызмет көрсету орталығында ғана емес, басқа арналар мен платформалар арқылы да алуы үшін шара қабылданып жатыр.

Халық смартфондағы мобильді платформаны да кеңінен пайдалана бастады. Бұның бәрі артық кедергілер мен қағазбастылықты болдырмау үшін жасалуда.