Елімізде 53 581 адам коронавирус инфекциясынан емделуде - ДСМ

Елімізде 53 581 адам коронавирус инфекциясынан емделуде - ДСМ
Cурет: elements.envato.com

674 науқастың жағдайы ауыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

10 қазанда еліміз бойынша 53 581 адам коронавирус инфекциясынан (46 382 КВИ+ және 7 199 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 384 пациент стационарда, амбулаториялық деңгейде 44 197 науқас ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 674 адамның жағдайы ауыр, 201 пациенттің жағдайы өте ауыр, 127 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.