Елімізде 5G сынақтан өтуде

Елімізде 5G сынақтан өтуде
Сурет: Яндекс.Дзен

Шексіз мүмкіндіктер енді интернетте

Алматы мен астанада 5G желісі сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда 5G ғаламтор желісін іске қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдымен аса жоғары жылдамдықтағы интернет сервисі еліміздің ірі қалаларында пайда болады.

Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Ол қазіргі кезде байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тесттен өткізіп жатқанын, алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсеткенін айтты.

Осыдан бір ай бұрын ғана еліміздегі ұялы байланыс оперторларының бірі «Алматыдағы Панфилов көшесінде 5G интернетті қостық» деп сүйінші сұраған.

Жалпы, 5G мобильді интернеті бүгінде кеңінен пайдаланылатын ғаламтордан 10 есе жылдам. Дегенмен, әзірге сынақ ретінде ғана қосылды. Сондықтан абонементтердің бәрі оны қолдана алмайды.