Елімізде 3 мыңға жуық азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды

Елімізде 3 мыңға жуық азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды
Сурет: 24.kz

Жыл басынан  бері республикада 18 мың адам көлікті мас күйінде басқарған

Өкініштісі сол, аталған заң бұзушылыққа қатысты тағайындалатын жаза өткен жылы қатаңдатылғанымен, ішімдікке сылқия тойып рөлге отыратындар саны азаймай отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Хабар 24 сайтының ақпараты бойынша, былтыр қабылданған заң бойынша көлік құралын мініп есіргендер 7 жылға жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалады. Ал жүргізу куәлігінсіз мас күйінде ұсталғандар темір тұлпарды басқару құқығынан өмір бойына айырылады. Бүгінгі күні шамамен 2 мың 700 азаматқа осындай жаза тағайындалды. Жалпы, жыл басынан бері полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау саласында 6 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде 5 млн астамы жол-көлік қозғалысы бойынша жасалған.

«Өткен жылмен салыстырғанда, анықталған бұзушылықтар 4 пайызға көп. Сонымен қатар бүгінгі күні құқықбұзушылықтардың жолын кесуге полицейлер алдын алу шараларын көбірек қолданады. Мысалы, полиция қызметкерлері шығарған ұйғарымдардың 40 проценті - құқық бұзушылыққа берілген ескерту», - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.