Елімізде 16 мыңнан астам шетелдік еңбек етіп жүр

Елімізде 16 мыңнан астам шетелдік еңбек етіп жүр
Сурет: Е-cis.info

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 883 жұмыс беруші бар.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің 2021 жылғы 1 қазандағы мәліметінше, 16 190 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қызмет етіп жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 883 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 479 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай – 3 807 адам, Өзбекстан – 1 938 адам, Түркия – 1 759 адам, Үндістан – 1 075 адам, Ұлыбритания – 962 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.