Елімізде 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Елімізде 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
almaty-akshamy.kz

Елімізде жағдайы ауыр 107 науқас өкпенің жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«29 қазандағы мәлімет бойынша, 48 742 адам коронавирус инфекциясынан (42 907 КВИ+ және 5 835 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 435 пациент стационарда, 40 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 587 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.