Еліміздің Ресеймен тауар айналымы артты

Еліміздің Ресеймен тауар айналымы артты
Сурет: Еhonews.kz

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын арттыруда.

Үстіміздегі жылдың басынан бері екі ел арасындағы тауар айналымы 11 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 26,7% көп. Қазақстаннан көрші республикаға бидай, күріш, цемент, табиғи газ конденсаты, тыңайтқыштар және басқа да өнімдер жөнелтілді. Сондай-ақ біздің елге ресейлік инвестициялардың көлемі де оң динамиканы көрсетіп отыр.

Ол 10% астам өсіп, 12 млрд доллардан асты. Инвестициның басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне, саудаға, қаржылық және сақтандыру қызметіне тиесілі. Екі ел түрлі бірлескен ірі жобаларды жоспарлап отырғанын атап өткен жөн.

Олардың 30-ы бүгінде іске асырылу сатысында. Бұл – сауда, құрылыс индустриясы, фармацевтика, мұнай-химия және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобалар.