Еліміз NEET жастары үлесінің ең төмен көрсеткіші бар елдердің «жасыл» аймағында тұр

Еліміз NEET жастары үлесінің ең төмен көрсеткіші бар елдердің «жасыл» аймағында тұр
Сурет: Lada.kz

Қазақстан NEET жастары үлесінің ең төмен көрсеткіші бар елдердің «жасыл» аймағында тұр

Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүкіл әлемде NEET санатындағы жастардың үлесі коронакризис салдарынан артып келеді. Мәселен, Еуростаттың деректері бойынша, 2020 жылы ЕО елдерінде NEET санатындағы жастар көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 пайыздан 17,6 пайыз дейін ұлғайды және бұл көрсеткіштің одан әрі артуы болжанып отыр. ЭЫДҰ елдерінде 18-24 жастағы NEET санатындағы жастардың үлесі орта есеппен 14 пайызды құрайды. Бразилия, Колумбия, Коста-Рика, Италия, Оңтүстік Африка және Түркияда жастардың 25 пайыздан астамы осы санатқа жатады», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Осы ретте Ералы Тоғжанов БҰҰ-ның «World Youth Report 2020» баяндамасына сәйкес, Қазақстан NEET жастары үлесінің ең төмен көрсеткіштері бар елдердің «жасыл» аймағында 1-9, 9 пайыз деңгейінде тұрғанын алға тартады.

«Тұтастай алғанда, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге және нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру тұрақты бақылауда және оның ішінде нормативтік-құқықтық базаны, сондай-ақ атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жетілдіру есебінен күшейтілетін болады. Жалпы, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге және нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді шараларды іске асыру Үкіметтің тұрақты бақылауында», - деп сендіреді вице-премьер.

Мәселен, Еуростаттың деректері бойынша 2020 жылы ЕО елдерінде NEET санатындағы жастар көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 пайыздан 17,6 пайыз дейін ұлғайды және бұл көрсеткіштің одан әрі артуы болжанып отыр. ЭЫДҰ елдерінде 18-24 жастағы NEET санатындағы жастардың үлесі орта есеппен 14 пайызды құрайды. Бразилия, Колумбия, Коста-Рика, Италия, Оңтүстік Африка және Түркияда жастардың 25 пайыздан астамы осы санатқа жатады», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Осы ретте Ералы Тоғжанов БҰҰ-ның «World Youth Report 2020» баяндамасына сәйкес, Қазақстан NEET жастары үлесінің ең төмен көрсеткіштері бар елдердің «жасыл» аймағында 1-9, 9 пайыз деңгейінде тұрғанын алға тартады.

«Тұтастай алғанда, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге және нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру тұрақты бақылауда және оның ішінде нормативтік-құқықтық базаны, сондай-ақ атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жетілдіру есебінен күшейтілетін болады. Жалпы, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге және нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді шараларды іске асыру Үкіметтің тұрақты бақылауында», - деп сендіреді вице-премьер Мәжіліс депутаттарын.