Еліміз болашақта көміртегінен арылуды көздейді

Еліміз болашақта көміртегінен арылуды көздейді
Сурет: Voilokmaikop.ru

Соңғы 75 жылдың ішінде жылдық орташа температура 2 градусқа жылынып кеткен.

«Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді» деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы көмірқышқыл газдың өте жоғары деңгейіне, ормандардың өртке орануы, циклондар, су басу мен құрғақшылық адамдарға апат алып келетін қалыпты жағдайға айналып отырғанын атап өтті.

«Теңізге шығатын жолы жоқ ірі мемлекет болып саналатын Қазақстанның климаты тез өзгеріп жатыр, сонысымен халқымыз бен экономикамызға қауіп тудыруда. Соңғы 75 жылдың ішінде жылдық орташа температура 2 градусқа жылынып, қазіргі уақытта әр бес жыл сайын қуаңшылық болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді. Келесі айдан бастап біз 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің энергия шығынын 50 пайызға азайтуға бағытталған 2050 жылға дейін көміртегі аз ұлттық стратегияны дамытуды бастаймыз», – деді Қазақстан Президенті.