Еліміз бен АҚШ арасындағы биологиялық қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық жандануда

Еліміз бен АҚШ арасындағы биологиялық қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық жандануда
Сурет: Кursiv.kz

Ынтымақтастық артуда

АҚШ пен Қазақстан биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты арттырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық деңгейін арттыруға ниетті. Бұл туралы еліміздегі жұмысының аяқталуына арналған дөңгелек үстел барысында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер мәлім етті.

Спикер қос тараптың басқа да салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндігі мол екенін айтты. Мысалы, америкалық фермерлер өз технологияларымен бөлісе алады.

Бұл жергілікті ауылшаруашылық тауарларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті етеді. Сондай-ақ Уильям Мозер қазақстандық өнімдер шетелдік тұтынушылардың жүрегін жаулап алатынына сенімді.

«Қазақстанда жасалған» тауарлар, әсіресе, АҚШ-та сұранысқа ие болу мүмкін», – деді ол.

«Қазір қазақстандық тауарларды АҚШ-та табу мүмкін емес. Бірақ мен бұл Қазақстан үшін керісінше мүмкіндік дер едім. Экономиканың осындай секторларын дамытып, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті тауарлар шығаруға болады. Қазақстанға өз артықшылықтары бар секторларды айқындап, тауарларды таңдау керек», - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Х. Мозер.