Елордалық полицей алып ұшақты сүйреп, рекорд орнатты

Елордалық полицей алып ұшақты сүйреп, рекорд орнатты
Сурет: Inform.kz

Бұл рекордын ол Тұңғыш Президент күніне арнады

Елордада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы алып ұшақты спортшы полицей 10 метрге дейін сүйретті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Әуе кемесін 10 метр қашыққа сүйретуден әлемдік Гиннес рекордын спорт шебері, Нұр-Сұлтан қаласының полиция майоры Бауыржан Қамалиев орындады», әуежайдың Instagram-дағы парақшасында.

«Түнде бір рет жаттығып көрдім. Алаңдадым. Түнімен ұйықтай алмадым. Өздеріңіз куә болдыңыздар. Орындап шықтым», - деді Бауыржан Қамалиев.

Ол көпшілікті 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Рекордты қайталаушы жетістігін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Тұңғыш Президенті күні арнағанны жеткізді.