Елордаға кіретін жолдар жабылды

Елордаға кіретін жолдар жабылды
Cурет: Inform.kz

Себеп – қатты боран, 20 м/с екпіндегі жел

Нұр-Сұлтанда ауа райының нашарлауына байланысты қалаға кіретін бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«112» құтқару қызметі 11:00-де Нұр-Сұлтан - Теміртау тасжолының жабылғаны туралы хабарлады. Себеп – қатты боран, 20 м/с екпіндегі жел.
40 минуттан кейін астанадан Ерейментауға қарай шығатын жолдың жабылғаны белгілі болды.
Ал 11:43-те Нұр-Сұлтан - Атбасар тасжолында қозғалыс шектелгені хабарланды.
Сағат 12:06-да бораннан Шучинскіге апаратын трассада көліктің жүруіне тыйым салынды.
Бұдан бөлек, Павлодар облысында бораннан жолдың көрінбеуі салдарынан Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті тасжолында қозғалыс тоқтатылды.
Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
13:20-дағы жағдай бойынша, елордада жел соғып тұр, қар ұшқыны байқалады. Ауа температурасы – минус бес градус.