Елордаға Астана атауын қайтару бастамасы жұртшылықтың талап-тілегіне негізделген

Елордаға Астана атауын қайтару бастамасы жұртшылықтың талап-тілегіне негізделген
inform.kz

Елорданың бұрынғы атауын қайтаруды қоғам талап етіп отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Мен астанаға бұрынғы атауын қайтаруды қолдаймын. Шындығында, Нұр-Сұлтан атауы халық арасына сіңіп кете алмады. Қарапайым өмірде еліміздің бас қаласын Астана деп атау жалғасып келеді. Сонымен қатар, Парламентке елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы өтініштер бірнеше айтылды», - деді Наталья Дементьева.

Оның пайымынша, елорданың бұрынғы атауын қайтару дұрыс қадам болмақ.

«Өйткені мұны қоғам талап етіп отыр. Депутаттардың бастамасы да дұрыс қабылданды. Алайда қаланың атауын қайта атау қазақстандықтардың әдеттегі өмір тәртібінде әбіргерге салмауы тиіс», - деді депутат.