Елордада әл-Фарабиге ескерткіш қойылмақ

Елордада  әл-Фарабиге ескерткіш қойылмақ
Сурет: Еgemen.kz

Былтыр елордадағы Оқушылар сарайына әл-Фараби атауы берілген болатын.

Нұр-Сұлтан қаласында әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр әл-Фарабидің құрметіне ескерткіш қойылмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚазАқпараттың хабарлауынша, көрнекті тұлғаға қойылатын ескерткішке қатысты әңгіме елорданың қалалық мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

«2019 жылы Президент Әкімшілігінен елордада әл-Фараби, Құрманғазы, Ж. Тәшенов және тағы басқа тұлғаларға ескерткіш қою тапсырмасы берілді. Өткен жылы пандемияға байланысты әл-Фарабиге ескерткіш орнату кейінгі шегерілді. Қазір ескерткіш дайындалып жатыр. Жалпы биыл Ж. Тәшенов пен Т. Бигелдиновке ескерткіш қоюға қаржы бөлінді», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.