Елордада әл-Фарабиге ескерткіш орнатылды

Елордада әл-Фарабиге ескерткіш орнатылды
Сурет: Іnform.kz

Ғұлама мүсіні қола мен граниттен жасалған, биіктігі – 9,5 метр.

Елордада Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының алдында ұлы ғұламаға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Авторлық топ құрамында мүсіншілер А. Бүркітбаев, Д. Сарбасов, Қ. Бегулиев, А. Тоқбаев және Д. Үсенбаев бар.

Ескерткіштің ашылуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев арнайы қатысты.

«Құрметті зиялы қауым! Ұлы ойшыл ғұлама, Аристотельден кейінгі ғаламдағы екінші ұстаз атанған әл-Фараби – біздің ғана емес, тұтас адамзаттың бағына біткен тұлға. Ғылымның сан саласын жетік меңгерген философ метафизика, эпистемология, эстетология, этика, физика, астрология, психология мен музыка салаларының теориялық негізін қалаған энциклопедияшы ғалым. Оның жазған еңбектері Х ғасырдан бүгінге дейін маңыздылығын жойған жоқ. Әл-Фараби - ортағасырлық ағарту кезеңіндегі шығыс пен батыстағы ақыл-ой алыптарының бірі әрі еңбектері бүкіл әлемге тараған ойшыл», - деді Мемлекеттік хатшы ескерткіштің салтанатты ашылуында.