Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды
Cурет: Қаржы мин

Қаржы министрлігіне 100 жыл

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 100 жылдығына орайластырылған қаржыгерлер аллеясының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс -шара барысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы Қаржы министрлігінің мерейтойына арналған іс -шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланымдарды ұсынатын боламыз. Сондай -ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильмді жарыққа шығару жоспарда бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша «Қаржы саласының үздігі» медалімен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталатын болады.