Елордада жыл соңына дейін 60 мың жұмыс орны құрылады

Елордада жыл соңына дейін 60 мың жұмыс орны құрылады almaty-akshamy.kz

Елордада жыл соңына дейін 60 мың жұмыс орны құрылады. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Биылғы үш айдың қорытындысына сәйкес, Астана қаласының барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң серпін көрсетіп отыр. Жалпы, үш айда инвестиция көлемі 204 млрд теңгені құрап, 29 пайызға өсті. Оның ішінде негізгі капиталға салынған жеке инвестициялардың үлесі шамамен 79 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,5 пайызға ұлғайды. Жұмыссыздық 4,5 пайызды құрайды. Бұл республикалық деңгейден 0,4 пайызға төмен», – деді қала басшысы.



Оның атап өтуінше, қала тұрғындары санының жоғары өсу қарқынын ескере отырып, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жүйелі іс-шаралар қабылдау мәселесі өзекті болып отыр. Бұл ретте Президенттің осы жылдың қаңтар айында берген тапсырмасына сәйкес, тұрақсыз жұмыспен қамтылған адамдарды анықтау және есепке алу жұмысы жүргізіліп жатыр.



«Сондай-ақ жеке атаулы қолдау іс-шараларын ұсынып, одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін қысқа мерзімді оқыту жүргізудеміз. Жыл соңына дейін бизнеспен бірлесіп, 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Негізгі жұмыс орындары шағын және орта бизнес саласында құрылады. Шағын және орта бизнес саласында елорданың экономикалық белсенді тұрғындарының 70 пайызы жұмыс істейді. Қазіргі күні қалада 154 инвестициялық жобаның пулы құрылды. Биыл 25 кәсіпорын іске қосылады. Жыл соңына дейін барлығы 1 трлн 300 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз», – деді Жеңіс Қасымбек.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09