Елордада республикалық жастар форумы өтті

Елордада республикалық жастар форумы өтті
Сурет: 24.kz

«Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды

Биылғы жиын Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналды. Шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Форум Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаевтың жастарға арналған үндеуінен басталып, қатысушылардың еңбек жолындағы жетістіктерін баяндаумен жалғасты. Форум аясында өз ісінің үздігі атанып, Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген талантты азаматтарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды. Марапат үздік мұғалім, актер, спортшы, өнер иелері мен техникалық мамандық иелеріне берілді.

«Екі түрлі саланың басын қосумен айналысамыз. Ол математикалық анализ және теория. Біз осы салада монографиялық оқулық жазып жатырмыз. Бұл оқулықты мен шетелдік ғылыми жетекшім, Англияның және Бельгияның университеттерінің профессоры болып табылатын Майкл Лужанскиймен жазып жатырмын», - деді «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының ғылым саласы бойынша иегері Нұрғиса Есіркегенов