Елордада көшпелі көрме өтуде

Елордада көшпелі көрме өтуде
Сурет: Еgemen.kz

Елімізде көрмелердің дамуы жолға қойылып келеді.

«Қылқалам ұшындағы құдірет» атты көшпелі көрме елордадағы Ұлттық музейде ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жылжымалы экспозицияға Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайының қорындағы жауһарлы еңбектер қойылған. Негізінен елімізге танымал бейнелеу өнері шеберлерінің үздік туындылары іріктеліп алынған. Көрермендер барлығы 70-ке тарта көркем суретпен жіті таныса алады. Көпшілікке беймәлім авторлардың жұмыстары да бар.

Мұндағы тақырыптардың аясы кең. Келешек ұрпаққа өнеге болатын отансүйгіштік, тарих пен ауылдың тыныс-тіршілігін ашатын тақырыптарға басымдық берілген.

Сондай-ақ көрмені тамыздың соңына дейін тегін тамашалауға болады.