Елордада құрбандыққа шалатын қой көшеде қашып жүр

Елордада құрбандыққа шалатын қой көшеде қашып жүр
Сурет: Inform.kz

Әлеуметтік желіде астана көшелерінің бірінде қойдың қашып жүргені түсіп қалған видео тарап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бірнеше секундтық видеодан байқалғандай қой көше ортасында көліктердің арасында қашып жүр. Көрініске қарағанда видео елордадағы Есіл өзенінің сол жағалауында, Қабанбай батыр көшесі бойында түсірілген.

Айта кетейік, бүгіннен бастап мұсылман қауым Құрбан айтты мерекелеп жатыр. Мейрам 11 шілдеге дейін жалғасады. Аталған мерекеге тән міндеттің бірі – Құрбан шалу және құрбандыққа шалатын малға, оны союға қатысты қойылатын талаптар. Қазақстандықтардың Qurban2022.kz сайты арқылы өтінім бере отырып, онлайн режимде де құрбандық шалуға мүмкіндігі бар.

Еске сала кетсек, еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сақтық шарасы мақсатында құрбандыққа ветеринарлық анықтамасы бар малды ғана союды ұсынды.