Елордада геологиялық форум өтіп жатыр

Елордада геологиялық форум өтіп жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл форум елімізде 2010 жылдан бері өткізіліп келеді.

Нұр-Сұлтанда «МАЙНЕКС Қазақстан 2022» жыл сайынғы тау-геологиялық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгін жыл сайынғы «МАЙНЕКС Қазақстан 2022» тау-геологиялық форумының ашылуы болды. Бұл форум елімізде 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және Орталық Азия өңірінде ұйымдастырылатын өкілдік салалық іс-шаралардың бірі.

Форум жыл сайын 300-ден астам тау-кен металлургия кәсіпорындарының, салалық министрліктердің, банктердің, инвестициялық және сервистік компаниялардың өкілдерін, сондай-ақ Қазақстаннан және 20-дан астам жақын және алыс шетелдерден тау-кен саласына арналған жабдықтарды өндірушілердің басын қосады.