Елордада 25 адамнан «омикрон» штамы анықталды

Елордада 25 адамнан «омикрон» штамы анықталды
almaty-akshamy.kz

Елордада «омикрон» штамының таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі болып қалуда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен екі аптада індеттің күніне 80 жағдайы тіркелсе, соңғы алты күнде аурушаңдық деңгейі  5,5 есеге артқан. Апталық қарқынды көрсеткіш 496 санын құрайды. Репродуктивті саны 2,8-ді көрсетіп отыр.

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінде тәулігіне жаңа жағдайларды тіркеу саны 1494-ге жетті. Қаңтардың алғашқы 11 күнінде барлығы 6116 жағдай тіркеліпті. Бұл 2021 жылдың желтоқсан айының көрсеткіштерінен 2,2 есеге артық екенін көрсетіп тұр.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айының соңында жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша бір сынамада КВИ-дің іріктелген 25 оң сынамасынан «омикрон» штамы анықталды.