Елорда мен Алматы бағытында пойыздар қатынай бастайды

Елорда мен Алматы бағытында пойыздар қатынай бастайды
Сурет: Іnform.kz

Бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тағы төрт қосымша коммерциялық пойыз іске қосылады

Бүгін елорданың Нұр-Сұлтан-1 стансасынан № 204/203 пойызы Алматыға сағат 18.55-те жөнелтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыз Алматыға ертең (11 қаңтар) сағат 16.31-де келеді. Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтан-1 стансасынан Алматы-2 стансасына дейін №220/219 пойызы сағат 19.40-та жөнелтіледі.

Пойыз Алматыға ертең (11 қаңтар) сағат 18.25-те келеді. Бүгін Алматыдан елордаға қарай екі коммерциялық пойыз жолға шығады.

«Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №207/208 пойызы (Тальго) Алматы-2 стансасынан 19 сағат 20 минутта жолға шығады.

«Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №205/206 пойызы 22 сағат 25 минутта жөнелтіледі. Пойыз елордаға ертең 19 сағат 13 минутта келеді.

Дәл осы пойыз Алматыға 11 қаңтарда 23 сағат 43 минутта жөнелтіледі. "Жолаушылар тасымалы" компаниясының мәлімдеуінше, елімізде пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілген. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.