Елорда мектептеріне ел тұлғаларының есімдері беріледі

Елорда мектептеріне  ел тұлғаларының есімдері беріледі
Сурет: Astana31sg.kz

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.

Астанадағы 6 мектепке халқымыздың біртуар тұлғаларының есімдері берілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Ашық» НҚА сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш сайтта Үкімет басшысының тиісті қаулысы жарияланған.

«№ 1 мектеп-лицейіне Талғат Бигелдиновтің, ал № 88 мектеп-лицейге Қадыр Мырза Әлінің, № 70 мектеп-лицейге Темірбек Жүргеновтің, № 92 мектеп-лицейге Ақжан әл-Машанидің, № 65 мектеп-гимназиясына Мағжан Жұмабаевтың, № 1 өнер мектебіне Тәттімбеттің есімі берілсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Айта кетсек, елордадағы 30-дан астам көше мен 3 аллеяға танымал қазақ тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы қалалық мәслихаттың қаулысы ашық талқыға шығарылды.